379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда мина жарылысынан 16 адам мерт болды

  • 204
  • UPD: 12:58, 18.03.2019
Сирияда мина жарылысынан 16 адам мерт болды

Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор қаласында жолда қазылған минаны басып өткен көліктің күлі көкке ұшты.

Жойқын жарылыстан 16 адам көз жұмды. Тағы 32 тұрғын түрлі жарақат алған. Билік миналарды өңірдегі атышулы Ирак және Левант террорлық ұйымы орнатқанын айтады. Дәл осындай қайғылы жағдай провинцияның өзге де аумағында  болды. Ақпарат көздері онда да 4 адам қаза тауып, 36-сы жараланғанын хабарлайды. Айта кетейік, жуырда күрд әскері елдегі Ирак және Левант лаңкестік тобына қарсы бастаған арнайы операциясын әлі де жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы