379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде иттермен жүгіру сайысы өтті

  • 124
  • UPD: 13:20, 18.03.2019
Филиппинде иттермен жүгіру сайысы өтті

Филиппин астанасында иттермен жүгіру сайысы өтті. Қызықты шараға қожайындарымен бірге мыңға жуық үй жануары қатысты.

Олар 5 шақырымға дейінгі қашықтыққа жүгіріп жарысты. Себелеп жауған жаңбыр ма жоқ әлде жарыстың сирек өткізілуінен бе иттердің көбі жарты жолдан кейін аяңға басты. Кейбіреуі тіпті мәре сызығын қожайындарының қолында отырып кесті. Бірақ қатысушылар дән риза. Себебі «мұндай дода қызықты әрі пайдалы» дейді олар. Ал шарадан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы