379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта трамвайдағы атыстан үш адам қаза тапты

  • 131
  • UPD: 21:46, 18.03.2019
Нидерландта трамвайдағы атыстан үш адам қаза тапты Comments.ua

Нидерландтың Утрехт қаласында әлдекім трамвайдағы жолаушыларға оқ атты.

Салдарынан үш адам көз жұмды. Тағы бірнешеуі жараланған. Полиция бұл «террорлық әрекет» болуы мүмкін деп отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам жолаушыларға тапаншадан оқ жаудырып, артынша із суытқан. Билік өкілдері шаһарда лаңкестік қауіптіліктің ең жоғары деңгейін жариялады. Мектептер мен өзге де оқу орындарына есікті жауып, балаларды сыртқа шығармау туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ барлық мешіттер де жұмысын уақытша тоқтатты. 

Хабар 24 телеарнасы