379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париж билігі «сары жейделілердің» ереуілінен келген шығын көлемін есептеп жатыр

  • 125
Париж билігі «сары жейделілердің» ереуілінен келген шығын көлемін есептеп жатыр

Қиратылған дүкен сөрелері, өртенген дүңгіршіктер. Париж билігі «сары жейделілердің» кезекті көтерілісінен келген шығын көлемін есептеп жатыр.

Өткен демалыс күндері Франция астанасының көшелеріне он мыңнан астам ереуілші шығып, акция соңы қақтығысқа ұласқан. Бұл жолғы наразылық шарасы ауқымды болды. 60-тан астам адам жарқаттанған. Оның ішінде полиция қызметкерлері де бар. 400-ден астам белсенді тұтқындалды. Елисей алаңы ең көп зардап шеккен аумақтың қатарында. Бұл даңғылдың кәсіпкерлері қозғалыс басталғалы бері 25 мың еуро көлемінде шығынға батқан. Еске сала кетейік, «сары жейделілер» өткен жылдың қараша  айынан бастап ереуілге шығып келеді. Ол кезде наразы халық жанармай бағасын төмендетуді талап еткен болатын. Нәтижесінде билік өкілдері отын бағасын арзандатты. Десе де, Францияда әлі күнге дейін наразылық шаралары басылар емес.

Хабар 24 телеарнасы