379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эфиопия және Индонезиядағы Boeing 737 MAX апаттарының себебі ұқсас болуы мүмкін

  • 97
Эфиопия және Индонезиядағы Boeing 737 MAX апаттарының себебі ұқсас болуы мүмкін

Жуырда болған Эфиопия және Индонезиядағы Boeing 737 MAX апаттарының себебі ұқсас болуы мүмкін.

Оған Ethiopian Airlines компаниясына тиесілі апатқа ұшыраған ұшақтан табылған қара жәшіктің сараптама нәтижелері дәлел. Бұл туралы елдің көлік министрі Дагмавит Могет мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ақпар тергеу амалдарында қолданылатын болады. Ал алдағы 30 күн ішінде 157 адамның өмірін жалмаған апаттың нақты себебі жарияланады деп күтілуде. Бұл арада Аддис-Абебада ұшақ құлап, қаза болғандармен қоштасу рәсімі жалғасып жатыр. Ол үшін ақ киім киген мыңдаған адам ақ раушан гүлдерімен жиналды. Айта кетейік, әлі күнге дейін құрбандардың мәйіттері іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, 10 наурыз күні 149 жолаушысы бар Ethiopian Airlines ұшағы апатқа ұшыраған болатын. 

Кейін Boeing 737 MAX 8 қара жәшіктері сараптамаға жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы