379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африка билігі: Тропикалық дауылдан қаза тапқандардың саны мыңнан асуы мүмкін

  • 144
  • UPD: 09:29, 19.03.2019
Африка билігі: Тропикалық дауылдан қаза тапқандардың саны мыңнан асуы мүмкін Укринформ

Африканың шығысында ойран салған «Идай» тропикалық циклоны әлі де басылар емес.

Ресми дерекетер бойынша апаттан қаза тапқандар саны 160-қа жуықтады. Жүзден астам адамның тағдыры әлі де беймәлім. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, мерт болғандар саны мыңнан асып жығылуы мүмкін. Табиғаттың тосын мінезінен Мозамбик, Зимбабве мен Малави елдері көп зардап шекті. Дүлей дауылдан Бейра портты қаласының 90 процент аумағы су астында қалды. 500 мың халқы бар бұл елде су бөгеті жарылған. Салдарынан аймақтағы құрылыс нысандарының тас талқаны шықты. Айта кетейік, «Идай» циклоны Африкадағы ең жойқын дауылдардың бірі болып есептеледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, циклоннан зардап шеккендерге гуманитарлық апат қаупі төніп тұр деп дабыл қақты.

Хабар 24 телеарнасы