377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландыда трамвайда атыс ашқан күдікті ұсталды

  • 140
Нидерландыда трамвайда атыс ашқан күдікті ұсталды

Нидерландтың Утрехт қаласында атыс ашқан күдікті тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Бұл туралы шаһардың құқық қорғау органдары хабарлайды. 37 жастағы күдіктінің бұл әрекетке не себептен барғаны әлі белгісіз. Естеріңізге салайық, кеше Утрехт қаласында қаруланған қаскөй трамвайдағы жолаушыларға оқ атқан. Салдарынан 3 адам көз жұмды. 5 тұрғын жарақат алды. Олардың үшеуі ауыр халде жатыр. Полиция бұл «террорлық әрекет» болуы мүмкін деп отыр. Билік өкілдері шаһарда лаңкестік қауіптіліктің ең жоғары деңгейін жариялады. Тәртіп сақшылары аймақтағы мектептерден оқушыларды сыртқа шығармай, барлық мешіттерді уақытша жауып тастады.

Хабар 24 телеарнасы