377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда әлемдегі ең үлкен алау жағылды

  • 218
Австрияда әлемдегі ең үлкен алау жағылды

Австрияның Лустенау қаласында әлемдегі ең үлкен алау жағылды.

Биіктігі 61 метрге жуық ағаш мұнараның құрылысына 3 айдай уақыт кеткен. Алайда небәрі жарты сағаттың ішінде ол толығымен күлге айналды. Дәстүр бойынша мұнараның төбесіне оқ дәрісі бар сабан қуыршақ та орнатылады. Жергілікті халықтың наным-сенімі бойынша жалын қуыршаққа жеткен кезде пайда болатын жарылыс дыбысынан қыс мезгілі көктемге орнын береді екен.

Хабар 24 телеарнасы