379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple жаңа iPad гаджеттерін шығарды

  • 127
  • UPD: 10:51, 19.03.2019
Apple жаңа iPad гаджеттерін шығарды © apple.com

Apple компаниясы жаңа iPad Air және iPad mini модельдерін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компаниядағылардың мәліметінше, iPad Air, iPad mini гаджеттерінде соңғы A12 Bionics процессорлары орнатылған және онда 10,5 , 7,9 дюймді экран болады. Жад көлемі - 64 немесе 256 гигабайт.
iPad Mini моделінің бағасы АҚШ-та 399 доллардан (шамамен 150 мың теңге) басталса, iPad Air 499 доллардан(шамамен 190 мың теңге) басталады. 
Apple компаниясының таныстырылымы 25 наурызда өтеді деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы