379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда мұздан ерекше дәмхана салынды

  • 175
Үндістанда мұздан ерекше дәмхана салынды

Үндістанның солтүстік батысындағы Джамму және Кашмир штатында мұздан салынған ерекше дәмхана ашылды.

Бірегей орынға айналған мекеме шағын Гиа ауылында тұрғызылды. Дәмхана Гималай тауларына демалуға келген саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар арасында танымалдыққа ие болды. Ерекше дизайнмен жасалған орын арнайы технологиямен салынды. Оған келген қонақтардың қарасы да қалың. Енді мұзды дәмхананың иесі жақында ақша жинап, туристер тоқтай алатын ерекше қонақүй салмақшы.

Хабар 24 телеарнасы