377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Техастың мұнай зауытындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

  • 149
  • UPD: 16:29, 19.03.2019
Техастың мұнай зауытындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

Техас штатының Хьюстон өңірінде орналасқан мұнай өндіру зауыты екі күннен бері қызыл жалын құшағында.

Өрт сөндірушілер қоймадағы отты ауыздықтай алмай жатыр. Тілсіз жау жексенбі күні тұтанған. Алдын ала мәліметтер бойынша оған резервуардың біріндегі ауытқу себеп болған. Артынша, жалын жанармай мен пластик өндіруге арналаған он мың тонна мұнай сақталған қоймаға өршіген. Мамандар  кәсіпорындағы қызыл жалын әлі бірнеше күнге жалғасуы мүмкін деп отыр. Билік өкілдері көрші мекемелерге өрттен ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

Хабар 24 телеарнасы