379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африканың шығысында дауылдан қаза тапқандар саны 215 адамға жетті

  • 153
  • UPD: 16:54, 19.03.2019
Африканың шығысында дауылдан қаза тапқандар саны 215 адамға жетті

Африканың шығысында ойран салған Идай тропикалық циклонынан қаза тапқандардың саны 215-ке жетті.

Жүзден астам адамның тағдыры әлі  беймәлім. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ал жергілікті биліктің хабарлауынша, мерт болғандар саны мыңнан асып жығылуы мүмкін. Еске сала кетейік, өткен аптада Мозамбик, Зимбабве мен Малави елдерінде табиғат тосын мінезін танытқан еді. Дүлей дауылдан Бейра портты қаласының 90 процент аумағы су астында қалды. 500 мың халқы бар бұл елде су бөгеті жарылған. Салдарынан аймақтағы құрылыс нысандарының тас талқаны шықты.

Хабар 24 телеарнасы