377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегиядағы мектептердің бірінде белгісіз біреу шабуыл жасады

  • 175
  • UPD: 07:29, 20.03.2019
Норвегиядағы мектептердің бірінде белгісіз біреу шабуыл жасады Корреспондент.net

Норвегияның Осло қаласында орналасқан мектептердің біріне белгісіз біреу шабуыл жасап, төрт адамды жарақаттады.

Жұртқа жағалай пышақ сілтеген қаскөй оқиға орнында тұтқындалды. Зардап шеккен бір мұғалім мен үш мектеп қызметкері ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары шабуыл жасаған адам жайлы нақты мәліметтерді әлі жарияламай отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол мектеп оқушысы болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы