379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


22 наурызда Жер шары маңынан астероид ұшып өтеді

  • 209
  • UPD: 23:20, 21.03.2019
22 наурызда Жер шары маңынан астероид ұшып өтеді

Әлемдік астрономдар осылай дейді.

Көлемі 24 метрдей аспан денесі Айдан 300 мың шақырым жерден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Отандық ғалымдардың айтуынша, ол Жер шарына ешқандай қауіп төндірмейді. Өйткені ұшу бағыты тым алыс. Және жасанды жер серіктерінің жұмысына да ешқандай залалы жоқ.

«Астероид 2019 ЕА2» атты аспан денесі астрономдардың назарына жуырда ғана ілікті. Ол жайындағы ең алғаш ақпаратты NASA халықаралық агенттігі таратты. Зерттеу еңбектері көрсеткендей, бұл астероид соңғы рет Жер шарына осыдан 112 жыл бұрын жақындаған екен. Осы мүмкіндікті пайдаланған ғалымдар астероидің ұшу бағыты мен құрылымын зерттеуге дайын.

Александр Серебрянский, В.Фесенков атындағы астрофизикалық ҒЗИ ғылыми қызметкері:

- Ресейдің Челябі қаласы маңында құлаған метеорит әлемді дүрліктіргені рас. Дәл сондай аспан денелері аса қауіпті болуы ықтимал. Менің білуімше, бұл астероидің көлемі «Челябі метеоритінен» екі есе, салмағы 10 есе үлкен.

Бұл аспан денесінің Жер шары маңынан ұшып өтуін көру мүмкін емес. Оған аса ұзақ қашықтықтан бақылайтын арнайы оптикалық телескоптар қажет. Оны тек обсерваториядан бақылауға ғана болады. «Алайда ол өте кіші көлемде ғана көрінбек», – дейді ғалымдар. Сонымен бірге аспан әлемін зерттеушілер биыл ғарышта болатын құбылыстарды айтты.  

Светлана Мошкина, обсерватория қызметкері:

- Мусымнан бастам қазан айына дейін Күн жүйесіндегі ірі планеталар – Сатурн мен Юпитерді бақылаймыз. Осы аралықта екі рет ай тұтылу болады.

«Ал биыл желтоқсаның 26-сы күні күн тұтылады», – дейді астрономдар. Ғалымдардың болжауынша, күн тұтылу уақыты таңғы сағат 9 шамасында болуы мүмкін. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Владимир Бовкис, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы