379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда ұялы телефонға тәуелді адамдарға арналған жүргіншілер жолы пайда болды

  • 145
  • UPD: 10:02, 22.03.2019
Оңтүстік Кореяда ұялы телефонға тәуелді адамдарға арналған жүргіншілер жолы пайда болды

Оңтүстік Кореяның Ильсан қаласында ұялы телефонға тәуелді адамдардың қауіпсіздігіне арналған жаяу жүргіншілер жолы пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі көптеген тұрғындар гаджетінен көз алмай, жолды кесіп өтемін деп дөңгелек астына түсіп жатады. Енді түрлі түсті шаммен өрнектелген сигнал және арнайы бағдарлама тұрғындарды мұқият болуға, жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге шақырып отырады. Жаяу жүргіншілер жолын осындай «ақылды» құрылғымен қамту 13 мың долларды құрайды. Сараптама көрсеткендей жаңа жоба 83 процент тиімді екенін көрсеткен. Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның 92 процент ересек адамында кемінде бір гаджет бар. Бұл АҚШ пен Жапониядан да жоғары көрсеткіш.

Ён Сан Ю, жергілікті тұрғын:

– Көшеде келе жатқанымда көбіне ұялы телефонымнан көз алмаймын. Кей кезде қарама-қарсы келе жатқан адамдарға соқтығысып қаламын. Сондай-ақ көбісі гаджетіне қараймын деп+көлік астына түсуі мүмкін. Жаңа құрылғы өте пайдалы болады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы