389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта паром апатынан 100 шақты адам қаза тапты

  • 252
  • UPD: 12:39, 22.03.2019
Иракта паром апатынан 100 шақты адам қаза тапты bbc.com

Ирактағы Тигр өзенінде серуенге шыққан туристік паром апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам көз жұмды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза болғандардың басым бөлігі жүзе алмайтын әйелдер мен балалар.

Паром бортында 200-дей адам болған. Олардың басым бөлігі жүзе алмаған, деп мәлімдеді Мосулдың азаматтық қорғаныс қызметі.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Мосул қаласының маңында Наурыз мерекесін тойлау кезінде болған.

Хабар 24 телеарнасы