389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда автобус өртеніп, 20-дан астам турист көз жұмды

  • 444
  • UPD: 10:26, 23.03.2019
Қытайда автобус өртеніп, 20-дан астам турист көз жұмды xinhuanet.com

Қытайдың Чандэ қаласындағы (Хунань провинциясы) тасжолда туристер мінген автобус отқа оранды.

Нәтижесінде 26 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 28 адам зардап шеккен, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, жарақат алған бес адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Жол апаты кезінде автобуста 56 адам, оның ішінде бір гид және екі автобус жүргізушісі болған,

Екі жүргізуші де қамауға алынып, өрттің себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы