389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Brexit күнін 22 мамырға ауыстыруы мүмкін

  • 406
  • UPD: 07:35, 24.03.2019
Еуроодақ Brexit күнін 22 мамырға ауыстыруы мүмкін blogspot.com

Еуроодақ Брексит күнін мамырдың 22-сіне ауыстыруы мүмкін. Бірақ ол үшін Ұлыбританияның қауымдар палатасы келісімді бекітуі тиіс.

Брюссельде Еуродақ елдерінің басшылары осындай шешімге келді. Брексит күнін кейінге шегеру наурыздың 29-ына дейін жүзеге асырылу керек. Брюссель Лондонның ЕуроОдақтан шығу туралы шешімін сәуірдің 12-сіне дейін күтуге әзір. Еске сала кетейік, Премьер-министр Тереза Мэй Еуропа басшыларынан Еуроодақтан шығу күнін маусымның 30-ына ауыстыруды сұраған болатын. Бірақ Еурокеңес Ұлыбританияның еуропалық сайлау басталғанға дейін шығу керектігін алға тартып отыр.

Дональд Туск, Еурокеңес басшысы:

- Ұлыбританияның Қауымдар палатасы брексит келісімін бекітсе, Еурокеңес Одақтан шығу күнін мамырдың 22-сіне ауыстыруға келіседі. Егер британдық парламент құжаттан тағы бас тартса біз сәуірдің 12-сіне дейін ғана күтетін боламыз. Іс жүзінде бұл Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шығуға, болмаса оны ұзақ уақытқа кейінге шегеруге немесе Брекситтен тіпті бас тарта алады дегенді білдіреді.

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Мен Еуропалық Одақтың Солтүстік Ирландия бойынша кепілдерін қолдаймын. Бірақ біз Брекситтен бас тартпаймыз. Ұлыбритания халқы өз таңдауын 2016 жылы жасаған. Оны жүзеге асыру үкімет пен парламентке жүктелген.

Хабар 24 телеарнасы