384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пан Ги Мун: Қазақстан сенімді адамның қолында

  • 781
  • UPD: 13:44, 24.03.2019
Пан Ги Мун: Қазақстан сенімді адамның қолында

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқаруымен сенімді адамның қолында. Бұл туралы БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымдағы жұмысы жайлы өзі оқыған Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының журналына берген сұхбатында айтқан еді. Ел Президенті БҰҰ-да 2,5 жыл жұмыс істеген. Одан соң Нұрсұлтан Назарбаевтан Сенат төрағасы болу туралы шақырту алады. Халықаралық ұйымның Женевадағы кеңсесін басқарған Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарған жұмысына экс-бас хатшы жоғары баға берген.    

Пан Ги Мун, БҰҰ экс-бас хатшысы:

- Мен сенің Біріккен Ұлттар Ұйымында ұзақ қалмайтыныңды білгенмін. Дегенмен, осылай тез арада лауазымнан кетеді деп ойламаппын. Қалай болғанда да Женевадаға ерен еңбегің үшін алғыс айтамын. Жұмысыңа жоғары баға беремін. Нью-Йорктағы штаб-пәтерді санамағанда БҰҰ-ның ең ауқымды кеңсесін жоғары деңгейде басқарып шықтың.

Хабар 24 телеарнасы