379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде еңбек министрлігіне шабуыл жасалды

  • 148
  • UPD: 15:47, 24.03.2019
Сомалиде еңбек министрлігіне шабуыл жасалды

Сомалиде «Аш-Шабаб» ұйымының содырлары Еңбек министрлігіне шабуыл жасап, 9 адам қаза тапты. Тағы 11 тұрғын жарақат алды.

Содырлар алдымен министрліктің қасында көлікті жарып, содан кейін ғимаратқа басып кіруге талпынған. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны арта түсуі мүмкін деп отыр. Айта кетейік, Аш-Шабаб лаңкестік ұйымы Сомали аумағында 2004 жылдан бері белсенді. Олардың мақсаты АҚШ және Эфиопияның қолдауымен құрылған орталық үкіметті құлату.

Хабар 24 телеарнасы