377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тасқын салдарынан ауызсудың сапасы нашарлады

  • 141
  • UPD: 21:22, 24.03.2019
АҚШ-та тасқын салдарынан ауызсудың сапасы нашарлады

АҚШ-та Миссури өзенінің маңында болған тасқын салдарынан Канзас-Сити қорындағы ауызсудың сапасы нашарлады.

170 мың тұтынушыны сумен қамтушы коммуналдық мекеме өкілдерінің сараптама қорытындысы осындай. Ауызсудан іш өтуге әкеп соқтыратын бактерия мен вирустар табылған. Синоптиктердің мәлімдеуінше, өзендегі су деңгейі алдағы күндері тағы 15 метрге көтеріледі. Ал жергілікті қызметшілер ауа райының қолайсыздығынан су сапасын жақсартуға арналған сорғышты жөндей алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы