379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда 1 млн адам брекситке қарсы шеруге шықты

  • 94
  • UPD: 21:29, 24.03.2019
Ұлыбританияда 1 млн адам брекситке қарсы шеруге шықты

Халық биліктен Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақтан шығуы бойынша қайта референдум өткізуді талап етіп отыр.

Ереуілшілердің қатарында танымал саясаткерлер, Лондон мэрі Садик Хан, актриса Кира Найтли да бар. Наразы халықтың айтуынша, брексит ел экономикасына айтарлықтай залал тигізеді.

Айта кетейік, шеру Еуроодақ пен пен Брюссель саммитінен кейін ұйымдастырылған. Ол жиында премьер-министр Тереза Мэй еуропарламенттен Ұлыбританияның одақтан шығу датасын созуды сұраған еді.

Сара Морган, шеруге қатысушы:

- Бірінші өткен референдумда біз дұрыс емес шешім қабылдап қойдық. Өйткені бұл үдерістің қалай жүзеге асатынын ешкім түсіндіріп айтпады. Ал қазір брекситтің қандай шығын әкелетінінен хабардармыз. Сондықтан қайта референдум өткізу талап етеміз.

Хабар 24 телеарнасы