378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде «сары жейделілер» тағы көшеге шықты

  • 79
  • UPD: 21:32, 24.03.2019
Парижде «сары жейделілер» тағы көшеге шықты

Бұл жолы 19-мәрте өткен наразылық шарасына жиын-саны 40 мың ереуілші қатысты.

Ішкі істер министрлігінің ақпарына сай бір ғана Париж көшелеріне 5 мың тұрғын шыққан. Бейбіт акцияның соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Полицейлер 70 тұрғын қамауға алды. Тағы 49 адам тыйым салынған жерде ереуіл өткізгені үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, Елисей алаңы, Триумфалды қақпа, Сенат және Ұлттық кеңес ғимараттарының маңында наразылық шарасын ұйымдастыруға шектеу қойылған еді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көтерілістен жарақат алғандар да бар. Тәртіп сақшылары Ницца, Монпелье, Тулуза және Лионда ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданған.

Хабар 24 телеарнасы