379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мароккода мұғалімдердің ереуілі қақтығысқа ұласты

  • 88
Мароккода мұғалімдердің ереуілі қақтығысқа ұласты

Мароккода мұғалімдердің ереуілі тәртіп бұзуға ұласты.

Наразы жұртты тарату үшін полиция суатқыш қолданды. Парламент ғимаратының алдына жиналған 15 мың ұстаз биліктен еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Елде қабылданған жаңа заң бойынша жұмысқа орналасқан мұғалімдер зейнетақы мен басқа да жәрдемақыларға бөлінетін қаражаттан бас тарту туралы келісімге қол қоюы керек. Наразыларды бейбіт түрде тарату үшін тәртіп сақшылары арнайы көлік те ұсынды. Алайда жиналған жұрт одан бас тартты. Бірнеше сағат бойы жалғасқан келіссөздер нәтиже бермеген соң полицяға күш қолдануға тура келді. Үш апта бұрын басталған ереуілдер елдің түкпір-түкпірінде әлі де жалғасып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы