389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияға «Вероника» циклоны қауіп төндіруде

  • 248
Австралияға «Вероника» циклоны қауіп төндіруде

Австралиялық Порт-Хедлендтің тұрғындары қатты дауыл мен толассыз жауынға дайындалып жатыр.

Синоптиктердің болжамынша, бұл өңірге «Вероника» дауылы бет алған. Жергілікті билік жағалау тұрғындарын қауіпсіз жерге көшуге шақырды. Ал белгілі бір себептермен кете алмаған азаматтар арнайы баспаналардан шықпау керектігі айтылды. Айта кетейік, сағатына 150 шақырымды құрайтын циклон елдің солтүстік-батысына қарай бағыт алып келеді.

Хабар 24 телеарнасы