378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дубайда «Ең үздік мұғалімге» $1 млн табысталды

  • 137
  • UPD: 13:13, 25.03.2019
Дубайда «Ең үздік мұғалімге» $1 млн табысталды russian.rt.com

Питер Табичи есімді 36 жастағы кениялық монах-францисканға әлемнің ең үздік мұғалімі ретінде 1 млн доллар табысталды.

Бұл туралы Дубай билігінің сайтында хабарланды.

Бұл сыйақыны білім беру саласының өкілдері ғылымға қосқан үлесі үшін 2015 жылдан бастап табыстайды.

Табичи Кенияның орта мектептерінің бірінде физика мен математиканы оқытады. Сондай-ақ ол өзінің еңбекақысының көп бөлігін кедей-кепшікке беретіндігімен танымал екен.

2019 жылы іс-шараны ұйымдастырып отырған үндістандық бизнесмен Санни Веркейдің қайырымдылық қорына 179 елден 10 мыңнан астам өтінім түскен.

Хабар 24 телеарнасы