377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта әскери төңкерістен кейін алғаш рет парламенттік сайлау өтті

  • 104
Таиландта әскери төңкерістен кейін алғаш рет парламенттік сайлау өтті

Таиландта 2014 жылы болған әскери төңкерістен кейін алғаш рет парламенттік сайлау өтті.

Елде парламент құрылғаннан кейін жаңа премьер-министр парламентпен сайланады. Қазір Үкіметті әскерилер басқарып отыр. Бірнеше жыл бойы кез келген саяси іс-әрекеттерге тыйым салынған болатын. Ал 2017 жылы ел конституциясы қабылданып, сайлау жүйесі де жаңартылды. Алдын ала болжам бойынша, сайлауда әскерилер 7 млн дауыс жинап алда тұр. Ал оппозициялық партия 6 жарым млн халықтың қолдауына ие болған. Нақты қорытынды мамырдың 9-ы белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы