379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландиядағы лаңкестік: Тергеу жұмыстарына арнайы комиссия құрылады

  • 102
Жаңа Зеландиядағы лаңкестік: Тергеу жұмыстарына арнайы комиссия құрылады

Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласындағы екі мешітте бірдей болған лаңкестік әрекеттерге қатысты тергеу жұмысын жалғастыру үшін арнайы комиссия құрылмақ.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн хабарлайды. Айта кетейік, мешіттерге жасалынған шабуылдан 50 адам мерт болды. Жуырда шаһарда қаза тапқандарды еске алу рәсімі ұйымдастырылды. Шараға 15 мыңға жуық адам жиналды.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландияның премьер-министрі:

– Арнайы комиссия шабуылдың алдын алу үшін қандай әрекет жасалу керек екенін анықтайтын болады. Сонымен қатар көпті мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздейді. Қару-жарақтың қолжетімділігі мен әлеуметтік желілердің жұмысы, сондай-ақ барлау мен қауіпсіздік қызметінің жұмысы жіті тексерілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы