378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде радикалды топ мүшелері фулани халқының 130 өкілін жаппай өлтірді

  • 114
Малиде радикалды топ мүшелері фулани халқының 130 өкілін жаппай өлтірді hutchison

Малиде радикалды топ мүшелері мал шаруашылығымен күнелтетін фулани халқының 130 өкілін жаппай өлтірді.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың ішінде балалар, жүкті әйелдер мен егде жастағы қариялар да бар. Қарулы шабуыл елдің орталығындағы Огоссагу ауылында орын алды. Салдарынан аймақтың тас талқаны шықты. Жақын маңда орналасқан елді мекендегі тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Алдын ала болжам бойынша шабуылды Догон тайпасының өкілдері жасаған. Аталмыш тайпа фуланиларды Аль-Каидамен байланысы бар деп айыптайды.

Хабар 24 телеарнасы