389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық Америка елдерінен шыққан жаңа мигранттар керуені АҚШ-қа бет алды

  • 322
Орталық Америка елдерінен шыққан жаңа мигранттар керуені АҚШ-қа бет алды

Орталық Америка елдерінен шыққан жаңа мигранттар керуені АҚШ-қа қарай жолға шықты.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, осы жолғы нөпірде шамамен 1 мың 200 адам бар. Олар екі ай бой шекарадағы Тапачула қаласында тұрақтаған екен. Естеріңізге салайық, қамсыз өмірді арман еткендер өткен жылдың күзінен бастап Америкаға жаппай қоныс аудармақ болып шекараға қарай ағылған. Соңғы рет 400 адамнан құралған керуен қаңтар айында Гондурастан шыққан болатын. Салдарынан Мексика мен АҚШ шекарасында 9 мыңға жуық адам жиналды. Вашингтон қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймаққа бірнеше мың әскериді жұмылдырды.

Хабар 24 телеарнасы