376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Huawei қаржы директорын тінту кезінде айфон мен айпад табылды

  • 214
  • UPD: 17:15, 25.03.2019
Huawei қаржы директорын тінту кезінде айфон мен айпад табылды

Канадада ұсталған Мэн Ваньчжоу Apple техникасын ұнататын болып шықты.

Сотта істі қарауға арналған тергеу мен тінту кезінде полиция Ваньчжоудан iPhone 7 Plus, iPad Pro және MacBook Air гаджеттерін тауып алды. Айыпталушының өз өнімінен тек ғана Huawei Mate 20 RS Porsche Edition смартфоны табылған.

Осыған байланысты твиттер қолданушылары пікірлерімен бөлісті. Көпшіліктің айтуынша, Мэн Apple-дің гаджеттерін өз техникасы «Хуавейді» жетілдіре түсу мақсатымен зерттеген болуы әбден мүмкін.

Bloomberg

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы