389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газа секторынан ұшырылған зымыраннан Тель-Авивте адамдар жараланды

  • 447
  • UPD: 21:41, 25.03.2019
Газа секторынан ұшырылған зымыраннан Тель-Авивте адамдар жараланды

Газа секторынан атылған зымыран Тель-Авив маңындағы үйлердің біріне түсіп, жеті адам зардап шекті. Бұл 2014 жылдан кейінгі алғашқы соққы.

Әуеден шабуыл жасалған бетте, елде төтенше жағдай жарияланды.  Естеріңізге сала кетсек, Израиль мен Палестинаның арасы шекарадағы қақтығыстарға байланысты соңғы жылы қатты ушығып кеткен. Әуе соққысы жайлы Палестина әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ал Израиль Премьер-Министрі Беньямин Нетаньяху болса, АҚШ-тағы ресми сапарын тоқтатып, шұғыл елге қайтатынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы