379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия НАТО құрамына қашан өтеді?

  • 172
  • UPD: 21:48, 25.03.2019
Грузия НАТО құрамына қашан өтеді?

Грузия НАТО құрамына кіретін болады. Бұл туралы Тблисиге сапары барысында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Алайда Солтүстік Атлантикалық альянс мүшелігіне қашан өтетінін және бұл ретте Абхазия мен Оңтүстік Осетия мәселесі қалай шешілетіні жайлы ашып айтпады. Дей тұрғанмен, Столтенберг Грузия әскери-саяси одақ үшін сенімді серіктес болатынын атап өтті. Жалпы НАТО құрамына өту туралы мәселе 2008 жылдан бері талқыланып келе жатыр. Өткен жылы Бухаресте өткен басқосуда Одаққа мүше елдер Грузияны өз құрамына қабылдау туралы шешімді мақұлдаған.

Хабар 24 телеарнасы