379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте гендерлік теңдікке арналған форум өтті

  • 120
  • UPD: 22:20, 25.03.2019

БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі Комиссиясының 63-сессиясында әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі талқыланды.

Конференцияға қазақстандық делегация да қатысты. Мұнда нәзік жандылардың тұрмыс тауқыметі бойынша пікірсайыстар екі аптаға жалғасқан. Осы тұрғыда БҰҰ-ына мүше елдердің өкілдері гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге шақырды. Ұйымның мәліметі бойынша әлемде 740 миллион әйел көлеңкелі салада жұмыс істейді және әлеуметтік тұрғыда қамтылмаған.

Фрайя Кимде Булус, Нигерияда әйелдерге арналған жобалардың үйлестірушісі:

- Конференция өзге елдердің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте пайдалы. Әйелдер  бас қосып, бірлесіп өз мүдделерін қорғайды. Өкінішке орай, Африкадағы әйелдердің жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Мәселен, кеше біз әйелдер саудасын талқыладық, бұл жаһандық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырылуы керек. БҰҰ-ында оны шешу үшін бірігуге мүмкіндігіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы