379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балиде орангутангты заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

  • 118
  • UPD: 07:50, 26.03.2019
Балиде орангутангты заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды BBC

Бали аралында 27 жастағы Ресей азаматы ұсталды.

Ол Индонезиядан 2 жасар орангутангты алып өтпекші болған. Ойындағысын іске асыру үшін ол тіпті кішкентай маймылды дәрі беріп ұйықтатып тастайды. Сөйтіп себетке салып өзімен бірге өткізуге ниеттенген. Алайда кеденшілер ұйқыдағы орангутанг баласын бірден анықтайды. Осылайша айласын іске асыра алмаған ресейлік туристі полиция тұтқындады. Жергілікті заңға сәйкес, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда айыпталушы маймыл баласын өзіне сыйлағанын айтып, айыбын мойындар емес. Ал бала орангутанг болса мамандардың бақылауына өткен. Оның тағдыры әлі белгісіз: оны не жабайы ортаға жібереді, не болмаса мамандардың қарауында қалдыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы