379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда бір жарым жастағы баланы құдықтан екі күн бойы шығарды

  • 140
  • UPD: 09:27, 26.03.2019
Үндістанда бір жарым жастағы баланы құдықтан екі күн бойы шығарды Видео кадрынан

Үндістанның Харьяна штатында тереңдігі 18 метр құдыққа түсіп кеткен бір жарым жастағы бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Newsflare-ге сілтеме жасап.

Арнайы операция екі күнге созылған. Баланы бақылап отыру үшін құдыққа түнде көрсететін камераны түсірген. Алдымен баланы ау арқылы шығармақ болған, бірақ бұл ойларынан бас тартқан.

Құтқарушылар мен әскерилер құдық қасынан тағы біреуін қазып, оны екінші туннельге қосқан, сол арқылы баланы шығарып алды. Құтқарылған бала ауруханаға жеткізілген, қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы