Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


British Airways ұшағы Дюссельдорфтың орнына Эдинбург қаласына қонған

  • 286
  • UPD: 11:24, 26.03.2019
British Airways ұшағы Дюссельдорфтың орнына Эдинбург қаласына қонған REUTERS

Лондоннан Дюссельдорфқа бет алған British Airways әуе компаниясының ұшағы Шотландияның Эдинбург қаласына қонған.

«British Airways, түсіндіріп беріңізші. Мен таңертең Лондоннан Дюссельдерфке шыққан едім. Қалай ғана Эдинбург қаласына тап болдым? Бұл әрине, қызық бастама. Бірақ жолаушылардың бұл біртүрлі лотереяны қолдамайтыны анық», деп жазды осы рейс жолаушыларының бірі өзінің Twitter парақшасында.

Негізші себеп, экипаж бағыт алған қате ұшу жоспары болған. British Airways компаниясы мен ұшқыш жолаушылардан кешірім сұрады. Оларға өтемақы төлену-төленбеуі әлі белгісіз. Алайда олар әйтеруір діттеген жерлеріне жетті.

Хабар 24 телеарнасы