388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ереуілден 100-ге жуық рейс кейінге қалды

  • 429
Италияда ереуілден 100-ге жуық рейс кейінге қалды

Италияда әуе көлігі жұмысшыларының кәсіподағы ереуілге шықты.

Салдарынан 100-ге жуық әуе рейсі кейінге қалды. Наразылық акциясына елдің ең ірі әуе тасымалдаушысы Alitalia компаниясының қызметкерлері қатысты. Олар биліктен дағдарыс жағдайында салаға қолдау көрсетіп, қызметкерлердің жұмыспен қамтылуына кепілдік беруді талап етіп жатыр. Ал ереуіл кесірінен жолдан қалған жолаушыларға басқа уақытта ұшу немесе қаржылай өтемақы ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы