384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла халқы қайта жарықсыз қалды

  • 293
  • UPD: 13:59, 26.03.2019
Венесуэла халқы қайта жарықсыз қалды

Венесуэладағы 23 штаттың 16-сы қайта жарықсыз отыр.

Елде жарық өшу оқиғасы осымен үшінші рет болып отыр.  Салдарынан ел астанасында метро жолдары тоқтап тұр. Аймақтарда дүкендер мен өзге де кеңселер жабық. Мобильдік байланыс пен интернет те өшулі. Әзірге орын алған жағдайға байланысты билік өкілдерінің біреуі де нақты жауап берген жоқ.

Естеріңізге салайық, елде электр қуаты алғаш рет наурыздың жетісі жаппай ажыратылды. Оған Боливар штатында орналасқан әлем бойынша ең ірі су электр станцияларының бірі – Гури су электр станциясына жасалған кибершабуыл себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы