379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта парламенттік сайлау нәтижелері 9 мамырда жарияланады

  • 170
  • UPD: 15:15, 26.03.2019
Таиландта парламенттік сайлау нәтижелері 9 мамырда жарияланады

Таиландта 2014 жылғы әскери төңкерістен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау өтті.

Алайда оның қорытынды нәтижелері 9 мамыр күні жарияланады. Бұл туралы елдің сайлау комиссиясының бас хатшысы мәлімдеді. Сайлау барысында ел тұрғындары парламенттің төменгі палатасындағы 500 орынның кімге бұйыратынын анықтауы тиіс болатын. Қазіргі уақытта сайлау комиссиясы 350 орын бойынша ресми нәтижені жариялады. Оған сәйкес қазіргі үкімет басшысын қолдайтын партия 350 орынның 96-сына қол жеткізсе, оппозициялық партия 137 мандат алған. Алайда қалған 150 орынның қалай бөлінгені кейінірек белгілі болмақ.

Чарунгвит Пхумма, сайлау комиссиясының бас хатшысы:

- Сайлау барысындағы ереже бұзушылықтар туралы келіп түскен деректерді талдауға уақыт қажет. 9 мамырға дейін комиссия сайлаудың әділ өтіп-өтпегенін анықтап, ресми нәтижені жариялайды.

Хабар 24 телеарнасы