379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда су тасқынынан 23 адам қаза тапты

  • 150
  • UPD: 13:45, 27.03.2019
Иранда су тасқынынан 23 адам қаза тапты

Иранда төпелеп жауған нөсер жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 200 тұрғын жарақаттанған.

Өзендер арнасынан тасып, қалалар мен ауылдарды су басты. Тасқын мен лай көшкіні жолдар мен мыңдаған үйді шайып кетті. Ел билігі тұрғындарды алдағы күндері де тоқтаусыз жаңбыр жауатынын және ел астанасы Тегеранда да су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы