389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде шіркеудің құлауынан 9 адам қаза тапты

  • 606
  • UPD: 14:05, 27.03.2019
Перуде шіркеудің құлауынан 9 адам қаза тапты

Топан су астында қалған Перуде шіркеу опырылып түсті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апаттан 9 адам қаза тапты.

Одан бөлек ондаған тұрғын жарақат алды. Ғимарат қирағанда адамдар ішінде ғибадат жасап отырған. Елде толассыз жауынның тоқтайтын түрі жоқ. Синоптиктер жауын-шашын келесі аптаға дейін жалғасады деп болжап отыр. Табиғат апатынан шамамен 13 мың адам зардап шекті. 51 тұрғын мерт болды. Көшелер өзенге айналып, жолдар бұзылып жатыр. Жергілікті билік Перудің 650-ден астам елді-мекенінде төтенше жағдай режимін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы