379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африкада Идай дауылынан жараланғандар саны 2 млн адамға жуықтады

  • 237
  • UPD: 14:46, 27.03.2019
Африкада Идай дауылынан жараланғандар саны 2 млн адамға жуықтады

Африкада Идай дауылынан зардап шеккендер саны екі миллионға жуықтады. 686 адам көз жұмды.

Естеріңізде болса, сағатына 170 шақырым жылдамдықпен соққан жел Африканың үш мемлекетінде ойран салған еді. Атап айтқанда, жағалаудағы Мозамбик, Зимбабве мен Малави елдері алапат дауыл астында қалды. Әсіресе Мозамбиктің Бейра портына келген шығын орасан зор. Циклон кесірінен портты қаланың 90 проценті жойылды. Үйлер қирап, электр желілері үзіліп, ағаштар тамырымен жұлынған. Ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшіріліп, ел аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы