389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурыз мерекесі Канада жерінде ресми түрде атап өтілді

  • 685
  • UPD: 17:02, 27.03.2019

Наурыз мейрамы Канада елінің тарихында алғаш рет ресми түрде тойланды.

Көктемнің шуақты мерекесін думандатып өткізу үшін Торонто қаласына 400-ден астам қазақстандық пен жергілікті іскер топ өкілдері және қоғам белсенділері жиналған. Олар қазақ дастарханынан дәм татып, ұлттық ойындарды ойнады. Сондай-ақ, Канадада тұрып жатқан қазақастандық талантты жастардың концерттік бағдарламасын тамашалап, өнерлеріне тәнті болды. Еліміздің Канададағы елшісі Ақылбек Камал-адинов, наурыз мейрамының маңыздылығына тоқталып, оның бірлік пен берекенің, татулық пен тоқшылықтың белгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар сол мемлекетте білім алып жүрген отандастарымызбен кездесіп, елшілік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Хабар 24 телеарнасы