377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулдың Пхеньянмен жақындасуға асықпағаны жөн – Пан Ги Мун

  • 194
  • UPD: 15:26, 27.03.2019
Сеулдың Пхеньянмен жақындасуға асықпағаны жөн – Пан Ги Мун

Оңтүстік Корея солтүстікпен дос болуға асықпағаны жөн. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун осылай деп пайымдайды.

Оның пікірінше, кореяаралық қатынастар ешқандай нәтиже бермейді. Есесіне Құрама Штаттармен арадағы байланыс бұзылады. Танымал саясаткер Вьетнамда өткен саммит туралы да сөз қозғады. Онда Ким Чен Ын мен Дональд Трамп кездескен болатын.

«Пхеньян Вашингтонмен арадағы келіссөздер кезінде санкциялардан құтылуға тырысқанымен ядролық қарудан түбегейлі бас тартудан тартынып қалды. Яғни қарудың өзінен емес, оны өңдеу шараларын тоқтатумен шектелгісі келді» дейді Пан Ги Мун.

Пан Ги Мун, БҰҰ бұрынғы бас хатшысы:

- Өз басым кореяаралық экономикалық жобаларға қарсы емеспін. Бірақ Оңтүстік Корея Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы тұрақты емес мүшесі ретінде алдымен, халықаралық қауымдастықпен жұмыс істеуі керек. Мойындау керек, дәл қазір кореяаралық экономикалық ынтымақ орнатуға әлі ерте және ол әзірге мүмкін де емес.

Хабар 24 телеарнасы