379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандық зымыран жер серігін атып түсірді

  • 171
Үндістандық зымыран жер серігін атып түсірді

Үндістанда жасалған зымыран жер серігін атып түсірді.

Елдің Премьер-министрі Наренда Модидің айтуына қарағанда, бұл – елеулі тарихи оқиға. Ол зымыранның 300 шақырым қашықтықтағы ғарыш кеңістігінде жер серігін қағып түсіргенін ресми түрде хабарлады. Осылайша, Үндістан Ресей, АҚШ пен Қытайдан кейін жер серіктеріне қарсы қаруды сынақтан өткізген төртінші мемлекет атанды. Телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде Моди зымыран бағдарламасы арқылы ешкімге сес көрсеткісі келмейтінін алға тартты. Керісінше, бұл – Үндістанның қауіпсіздігі үшін қолға алынған бағдарлама. Бұған қатысты, Пәкістан мен Қытай тараптары ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы