378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда жұмыссыздық мәселесі шешімін таппай тұр

  • 64
Бразилияда жұмыссыздық мәселесі шешімін таппай тұр

Сан-Паулуда 15 мың адам бос орындар жәрмеңкесіне жиналды.

Аптап ыстыққа қарамастан, жергілікті тұрғындар жұмыс берушілермен кездесу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Латын Америкасындағы алып экономика соңғы онжылдықтағы ең ірі құлдырауды бастан кешіп отыр. Қазір Бразилиядағы жұмыссыздық деңгейі 12 пайызды құрайды. Тұтынушылар шығыны мен іскерлік белсенділіктің төмендеуі, елдің жаңа президенті төңірегіндегі белгісіздік пен жаһандық өсімнің бәсеңдеуі төртінші тоқсанда Бразилия экономикасы өсімінің күрт баяулауына әкелді. Ағымдағы жылы аймақтағы ең ірі экономиканың қайта қалпына келу деңгейі көбіне президент Жаир Болсонарудың зейнетақы реформасына қатысты ұсыныстарына байланысты болмақ. Оған сәйкес, ол реформа арқылы алдағы 10 жылда 300 миллиард долларды үнемдеуді көздеп отыр. Дей тұрғанмен, жәрмеңкеге жиналған жұрт осыншама уақыт күте алмайтынын айтып, көп ұзамай жұмысқа орналасуға үмітті.

Таня да Сильва, жұмыссыз тұрғын:

– Менен не себепті жұмыс таба алмай жүрсің деп сұрайды. Күн сайын жұмыс іздеумен далада жүремін. Ақшам болмаған кезде, жаяу жүріп жұмыс іздеймін. Бірақ ештеңе таба алар емеспін.

Хабар 24 телеарнасы