379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэй отставкаға кетуге дайын

  • 133
  • UPD: 14:17, 28.03.2019

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй отставкаға кетуге дайын екендігін мәлімдеді.

Бірақ оның бір шарты бар, парламентерийлер екі рет қабылдамай тастаған Еуроодақтан шығу туралы жобасын үшінші кезеңде құптаулары керек. Сонымен қатар депутаттар Брекситтің жаңа даталары бойынша дауыс берді.

Тереза Мэй Еуропалық одақпен келіссөздерде ілгерілеу байқалса, өз қызметінен кетуге дайын отыр. Бастысы оның жоспары бекітілсе болды. Тори депутаттары Брексит бойынша келіссөздердің келесі кезеңіне Мэйдің қатыспауын қаламай отыр. Мұны түсінген премьер отставкаға кетуге келіскендей.

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Екі жыл бойы депуттатар Еуроодақ құрамынан шығуға қатысты ортақ мәмілеге келе алмады. Нәтижесінде қолымызда келісімнің жоқтығынан 29 наурызда ойлағанымыз жүзеге аспайын деп тұр. Бұл кідіріс мен үшін өте өкінішті. Бұдан бөлек, көпшілік қауым да өкпелі деп ойлаймын.

Ел шынында да наразы. Олар Вестминстер сарайы алдын бірнеше ай бойы күзетіп, өз талаптарын жариялаумен келеді. Егер Еуропаға күмәнмен қарайтын брекситшілдер, Британияға сенім білдіруге үгіттесе, қарсыластары бұл науқанға байкот жариялау керек дейді.

Бүгінгі дауыс беру нәтижесінде Қауымдар палатасы Брекситті кейінге қалдыру керек деп шешті. Депутатардың басым көпшілігі, яғни 105 дауыс берушіге қарсы 441 адам Брексит 22-мамырда болуы қажет деп ұйғарды. Егер әрине Парламент келісімді мақұлдаса. Қолдамаған жағдайда науқан 12 сәуірге жылжытылатын болады. Сондай-ақ Палата келісімнің балама түрлеріне жоқ деп дауыс берді. Оның ішінде референдумды қайта өткізу және келісімсіз Брексит бар.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы, Бейбіт Мәдиұлы

Хабар 24 телеарнасы