376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Boeing 737 MAX ұшағының бағдарламалық қамсыздандыруы жаңартылады

  • 110
  • UPD: 13:46, 28.03.2019
Boeing 737 MAX ұшағының бағдарламалық қамсыздандыруы жаңартылады

Boeing 737 MAX ұшақтарының барлығына жаңа бағдарламалық қамсыздандыру орнатылады.

Ол жүйеден келетін қате хабарламалардың алдын алуға арналған. Осылайша ұшқыштар басқаруды еш кедергісіз өз қолдарына алып, ұшақтың төменге қарай құлдырауына жол бермеуіне мүмкіндік береді. Америкалық компанияның мәлімдемесіне сәйкес, бағдарламалық қамсыздандыруды сертификаттау, жоспарлау және жетілдіруде Федералды азаматтық авиация басқармасымен тығыз жұмыс істелген. Бұған қоса, жаңартулар кезінде жолаушылардың да пікірлері ескерілген.Енді жақын арада ол барлық 737 MAX ұшақтарына орнатыла бастайды. Айта кетсек, жаңарту жұмыстары өткен жылы Индонезиядағы Boeing 737 MAX ұшағының апатынан кейін басталды. Боингтің айтуынша, дәл осы жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен индонезиялық ұшақтың құлдырай төмендеп, апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы