384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль күштері Алеппоны атқылады

  • 369
Израиль күштері Алеппоны атқылады

Израиль күштері Сирияның Алеппо қаласын зымыранмен атқылады.

Мәліметке қарағанда, израильдіктер шаһардағы Шейх-Наджар өндірістік ауданы мен Джибрин мекенінің қасындағы әуежайды нысанаға алған. Алайда ешкім жапа шекпеген. Шабуылдан кейін қаладағы жарық сөніп қалды. Ресми Тель-Авив әскери қимылға қатысты ешқандай мәлімет жасаған жоқ. Айта кетейік, Израиль Сирия аумағын қаңтар айында да атқылаған болатын. Ол кезде Израиль ұшақтары Сирия жерінде үкімет жағында соғысып жатқан Иран жасақтарын нысанаға алған еді.

Хабар 24 телеарнасы